Русский Сайттың толық нұсқасы

Әлеуметтік маңызы бар тауарларға баға шегі орнатылады

  • AstanaTV
  • 14 ақпан 2014
  • 738

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысы қазір ғана аяқталды. Президент Үкіметке сын айтып, сейсенбілік құнсызданудан кейінгі баға саясаты және экономикалық даму бағыттары бойынша тапсырмалар жүктеді.

Мемлекет басшысы ең әуелі Үкіметке инвестиция тартуды қатаң тапсырды. Өйткені, «индустрияландыру жобалары трансұлттық компаниялар келіп, біріге жұмыс атқарғанда ғана іске асады». Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев екінші деңгейлі банктерге несие саласында сапаны арттыруды жүктеді. Егер екінші деңгейлі банктер активтерінің деңгейін төмендетіп, несиелердің көлемін қысқартпаса, оларға көмек болмайды, - деді Президент.

Ал Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев Қазақстанның ішкі жалпы өнімі бұрын болжанған 6% деңгейде қалады деп мәлімдеді. 2012-жылғы 5%-бен салыстырғанда, 2013-жылы ішкі жалпы өнім 6%-ға өсті. Кеңейтілген отырыс қорытындысы туралы 20:00-де қорытынды хабарымызда кеңірек.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА