Теңгенің құлдырауы салдарынан жоғалған
қаржы қайта қалпына келуі тиіс. Қазақстанның
Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы шағын және орта бизнес өкілдері мен ел азаматтарына
осындай ұсыныс айтты. Ал ұлттық валютаның өзгерген курсы экспортпен айналысатын
салаларға және отандық өндірушілерге ғана пайда алып келеді деп санайды.
Қазір шағын және орта бизнес
өкілдеріне валюталық несие төлеуде және мемлекеттік сатып алуда бірқатар
қиындықтар бар. Жабдықты импорттайтын
инвестициялық жобаларды іске асыратын кәсіпкерлер де тәуекелге баруда. Осы
орайда Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы шағын және орта бизнес өкілдерін қолдауға
үндеді. Сондай-ақ, өз депозиттерін теңгемен сақтаған азаматтарға да қолдау
көрсету керек деп санайды. Бұл мәлімдеме Кәсіпкерлер палатасының ресми сайтында
жарияланған.
Сымбат МОЛДАТАЙ