Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркияның жастары Анкара көшелеріне шығып, жаппай наразылық танытуда

  • AstanaTV
  • 14 ақпан 2014
  • 966

Түркияның жастары да Анкара көшелеріне шығып, жаппай наразылық танытуда. Ашуға булыққан олар атышулы «Эргенекон» және «Балиоз» ісі бойынша темір торға жабылған әскерилердің босатылуын талап етуде. Сотталып кеткен ел азаматтарын қолдап, шеруге шыққандар Парламент ғимаратының алдына жиылды.

Түркияның премьер-министрі Реджеп Тайип Эрдоған бұған дейін осы іске қатысты өз мәлімдемесін айтқан. Ол 2003 жылы елді басқарған «Әділет және даму» партиясының мүшелеріне қатысты сот ісін қайта қарауды тапсырды.

Сондықтан, өткен аптада Түркия парламентінде істі қайта қарауға рұқсат беретін заң жобасы талқыланды, дегенмен айтарлықтай өзгеріс бола қойған жоқ. Шеруге шыққан жастарға қарсы тәртіп сақшылары көз жасаурататын газ қолданып жатыр.

Жергілікті бақылаушылардың айтуынша, бұл наразылық акциясы Эрдоған Үкіметін тақтан тайдыру мақсатында ұйымдастырылған. Ал Түркиядағы кезекті сайлау наурыз айына белгіленді.

Сымбат МОЛДАТАЙ