Русский Сайттың толық нұсқасы

Статистика агенттігінің бұрынғы төрайымы Анар Мешімбаева жеті жылға сотталды

  • AstanaTV
  • 14 ақпан 2014
  • 1035

Статистер ісі бойынша сот тағы бір үкім шығарды. Статистика агенттігінің бұрынғы төрайымы Анар Мешімбаева жеті жылға сотталды. Ол өз жазасын жалпы режимдегі колонияда өткізетін болды. Ләйлі Қазиақпарова толығырақ. 


Статистика агенттігінің бұрынғы төрайымы Анара Мешімбаева 7 жылды арқалады. Жиған-терген мүлкі де тәркіленіп, 5 жыл мемлекеттік қызметке орналасу құқығынан айырылып отыр. Естеріңізде болар, мемлекеттік айыптаушы сәрсенбіде оған 8 жыл жаза сұраған болатын. Алайда Есіл аудандық соты жалпы саны 32 томға жеткен істі осылай аяқтады. 


Ақмарал Исаева, Есіл аудандық сотының судьясы:


ҚР Қылмыстық Кодексi 176-бабының 3-бөлігінің "б", "г" тармақтары бойынша Анар Мешiмбаеваны сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ысырап еттi,  қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деген айыппен  кiнәлi деп тауып,  7 жылға жалпы режимдегi колонияда бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын, жеке меншiк мүлкi тәркiленіп, мемлекеттiк қызметке орналасуға 5 жылға дейiн тыйым салынсын.


Айта кетейік, айыпталушының өзі әдеттегідей сабырлық сақтап, мұқият тыңдады. Тек сот отырысына қатысқан әкесі мен қызын көргенде көңілі босады. Алайда адвокат мауқын басып жатқандарға ымдауспауға кеңес берді. Бұқаралық ақпарат құралдарын  Мешімбаеваның әкесіне тіптен жақындамауға өтінді.


Ештеңе айтпаймын дедім ғой.


Анар Мешімбаеваның өз кінәсін еш мойындамады. Айтуынша, ол бұл істе кінәсіз. Сот кескен үкіммен  қорғаушысы да  үзілді-кесілді қарсы.


Конечно, мы обжалуем.....


Естеріңізге салсақ, Сатитстика агенттігін басқарған Анар Мешімбаева мен оның орынбасарларына 2009 жылғы ұлттық санаққа бөлінген 758 миллион теңгені жымқырды деген айып тағылды.  Іс 2010 жылдың қаңтар айында қозғалды. Алайда ол кезде экс-шенеунік шетел асып, із суытып үлгерді. Араға төрт жыл салып ол көрші Ресейдің астанасында қолға түсті. Өткен жылдың күзінде Мешімбаева Қазақстанға экстрадацияланды. 


Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА