Қостанай
облысының алты тұрғыны жергілікті шаруашылықтан сот арқылы жылқы өндіріп
алмақшы. Қамбар ата түлігіне қатысты дау Заречный елді мекенінде желтоқсан айында туған.
18 азамат аталған шаруашылыққа өз малын
сеніп тапсырған-ды. Жылқышының сөзіне
сенген тұрғындар ешқандай келісім-шарт
жасамапты. Шу басталғанда жылқышы өз-өзіне қол салған. Ал жеке
азаматтар үйірде жылқысының бар екенін дәлелдей алмай әуре. Шаруашылық басшысы арада ешқандай құжат жоқ
болғандықтан, түліктерді қайтарудан бас тартуда. Құқық қорғау орындарына
түсірген шағымнан да қайыр болмай тұр. Сондықтан, арызданушы алты азамат 48 бас
жылқыны сот арқылы өндіріп алуға бекінді.
Мейрам Алпысбаев, Заречное ауылының
тұрғыны:
Біз
енді осы жылқыны қайтарса деп ойлаймыз. Сатылғандарын ақшалай берсе, тірі тұрған
жылқыны бізге қайтарып берсе, жақсы болар еді. Сот арқылы болсын, жәй болсын, қайтарып берсе, жақсы болар еді.
Бұл
уақытта жылқышының ұлы Евгений Зевакин де полицияға арыз түсіріп үлгерді. Ол әкесіне қысым жасалды, сосын өзіне қол
салуға итермеледі деп санайды. Айтуынша, серіктестік басшылығы үйірде
жекелеген азаматтардың жылқысы болғанын білген. Бағып беруге де
қарсы болмапты.
Евгений
Зевакин, жылқышының ұлы:
Бұл істі аяғына дейін жеткізгенін қалаймын.
Бәрі біледі, олар әкемнің осы жағдайға жетуіне итермеледі. Директордың
орынбасары өзі әкеме телефон шалып, жылқыларды түгелде деді. Түгендеді. Бірақ
ақыры мынау болды.
Айзада
ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ