Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытайдан келіп жатқан тауар легі күрт артып отыр

  • AstanaTV
  • 14 ақпан 2014
  • 1114

Қытайдан келіп жатқан тауар легі күрт артып отыр. Осыған орай Қазақстан-Қытай шекарасында уақытша қиындық орнаған. Дегенмен, теңгенің жаңа бағамына қатысты орын алған аласапыранда "құқық бұзушылық тіркелмеді" деуге негіз бар. Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Аманияз Ержанов  осылай деп мәлімдеді.


Аманияз Ержанов, ҚР Қаржы министрлігі кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары:


11-13 ақпан күндері өткізу пункттерінде, атап айтқанда, Кеден одағының қазақстандық учаскесінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың жинақталып қалуы болған жоқ. Барлық өткізу пункттері осы уақытқа дейін қалай жұмыс істесе, әлі де сол режимде жұмыс істеп жатыр.


Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары ұлттық валютаны түзету бюджет түсімін арттырады дейді. Өйткені Қазақстан экспорттайтын негізгі тауар - мұнай шикізаты, ал қазір жөнелтіліп жатқан қара алтынның бір тоннасы үшін кедендік  баж салығы 60 АҚШ долларына тең. Сондай-ақ кедендік төлемдер мен салықтардың 43 пайызы минералдық ресурстар есебінен құралып отыр. 2013 жылы түсім құны бір жарым триллионға жуықтады.


Сымбат МОЛДАТАЙ