Русский Сайттың толық нұсқасы

ШҚО: Березовскийдегі жағдайға қатысты арнайы комиссия құрылды

  • AstanaTV
  • 17 ақпан 2014
  • 914

Шығыс Қазақстан облысындағы «Қазақмыс» корпорациясының Верхберёзов фабрикасын тексерген арнайы комиссия сараптама қорытындысын жария етті.

Желтоқсан айының соңында фабрикада бункер опырылып, бір қызметкер опат болған еді. Апаттан кейін жұмысшылардың қауіпсіздігі үшін фабрика жұмысы уақытша тоқтатылды. Cарапшылар техникалық зерттеудің қорытындысын ұсынды. Кәсіпорынның бас корпусының қабырғасы мен төбе жабындарында үлкен сызаттар пайда болған.

Сондықтан, бұл жердің тағы да опырылып құлауы мүмкін, - дейді. Осылайша, фабриканың қызметіне тыйым салынды. Нысанға күзет қойған корпорация басшылығы апатты күйдегі фабриканың барлық 204 қызметкері жұмыспен қамтылатынын мәлімдеді.

Қазір бұл жұмысшылардың 104-і қызметке қайта кіріскен, ал 40 кенші ақысы төленетін еңбек демалысына шығарылыпты. Тағы 20 еңбеккер корпорация есебінен қайта білім алуда. «Қазақмыстағы» төрт кен байыту фабрикасының ішіндегі ең көне кеніш - Верхберёзов фабрикасының пайдаланылғанына жарты ғасырдан асыпты. Осыны алға тосқан корпорация өкілдері ескі ғимаратты қайта қалпына келтірудің негізсіз екендігін айтып отыр.

Ермек
Дюзкенев, «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС корпоративті байланыс департаментінің менеджері:

Жұмысшылар Белоусов кен байыту фабрикасына ауыстырылады. Ертіс кенішіндегі барлық руда сонда жөнелтіліп, өндіріс қуаты да арттырылады. Қосымша адам күші қажет болғандықтан, қолда бар қондырғылардың бірқатары Белоусов фабрикасына жіберіледі. Одан кейінгі жағдаймен корпорация басшылығы айналысады.

Еркін КАРИН