Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті

  • AstanaTV
  • 24 ақпан 2014
  • 1082

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті. Шаһар басшысы Президентті елорданың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен даму болашағы туралы хабардар етті. 

Мемлекет басшысы Астана экономикасында өнеркәсіп көлемінің өсімі байқалатынын, салынған қаржы елорданың бюджетіне қайтарылып жатқанын атап өтті. Бұған қоса тұрғындар мен қонақтар үшін жайлылықты арттыруға бағытталған жобалардың іске асырылуына назар аударды. 

Басқосу барысында құрылыс саласындағы жұмыс қорытындылары да сөз болды. 2013 жылы бір миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген. Биыл қалада үш ауысыммен оқытуды жою жоспарланып отыр, ал 2020 жылға қарай мектепке дейінгі 100 мекеме салынбақ. Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мәселелер бойынша бірқатар тапсырмалар берді.


Жұрағат БАМАН