Русский Сайттың толық нұсқасы

Келесі халық санағы 2020 жылы жүргізіледі

  • AstanaTV
  • 17 ақпан 2014
  • 1195

Девальвация әтірге әсер етпеді! Теңгенің құлдырауынан кейін Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов парфюмерия дүкендерін аралаған. Ондағы жүріп жатқан жеңілдіктер төрағаны таң қалдырған сыңайлы. Себебі журналистермен өткен брифингте Әлихан Смайлов "теңгенің құлдырауы тұтынушыға керісінше пайдалы" дейді. 


Әлихан Смайылов, ҚР Статистика агенттiгi төрағасы:


Вы после девальвации заходили в магазин вообще?  -Заходил. Например, если взять парфюмерию, то сейчас 40-процентные скидки в Астане, обратите внимание, а это все импортная продукция. -А продукты питания? -Продукты питания? Я был вчера. И не заметил такого роста цен.


Ал бұдан бұрын Статагенттіктің тізгінін ұстаған Анар Мешімбаеваға шыққан үкімді Әлихан Смайлов құптайтынын білдірді. "Сот шешім шығарғандықтан, орынды деп санаймын", - деді. Сонымен қатар біздің телеарнаға берген сұхбатында төраға келесі халық санағының мерзімін хабарлады. Агенттік төрағасы келер санақ сапалы өтеді дейді. 


Әлихан Смайылов, ҚР Статистика агенттiгi төрағасы:


Келесі халық санағы 2020 жылы жүргізіледі. Толығымен халықаралық стандартқа, халықаралық тәжірибеге негізделетін болады. Әрбір он жыл сайын жүргізілуі керек.


Әлия ӘШІМ