Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыдағы «Гиппократ» клиникасының басшылығы депутат Мұхтар Тінікеевтің айтқан айыптарын жоққа шығаруға асықты

  • AstanaTV
  • 17 ақпан 2014
  • 925

Ал Қарағандыдағы «Гиппократ» клиникасының басшылығы депутат Мұхтар Тінікеевтің Парламентте айтқан айыптарын жоққа шығаруға асықты. Мекеме директоры "ем-дом регрессник кеншілерге тұтастай тегін көрсетіледі" дейді.

Надежда Хохлова, «Гиппократ» медициналық фирмасы» ЖШС директоры:

Бізге бірде-бір чек берілген емес. Бүгін мен Тінікеев мырзаны көрдім, оның барлық сұрақтарына жауап бергім келді. Бірақ депутат диалог ұсынудың орнына бұрылып кетіп қалды.

Мекеме директоры "депутат мұндай негізсіз ақпарат беру арқылы фирманы қаралауға тырысты" дейді. Басшыларының мәліметінше, алып шахтада жұмыс істеп, денсаулығына зақым келген 25 мың регрессниктің ем-домына қаржыны мемлекет бөледі. Яғни медициналық қызмет көрсету жөніндегі мемлекеттік комитет пен «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы. Директордың айтуынша, кеншілерге арналған арнайы стационарлар жұмыс істейді. Және мекемедегі барлық дәрігерлер кеншілердің денсаулығына қатысты ауру түрлерімен таныс. Ал басқа емделушілер үшін қызмет ақылы түрде көрсетілетіні рас.

Надежда Хохлова, «Гиппократ» медициналық фирмасы» ЖШС директоры:

Кеншілер жылына 2-3 рет жоспарлы тексерістен өтіп тұруы қажет. Ауру түрі бойынша реабилитация, кәсіби тексеру, шұғыл ауруханаға жеткізу және шахтада орналасқан денсаулық сақтау пункттерінде емдеу тегін.

Сымбат МОЛДАТАЙ