Русский Сайттың толық нұсқасы

Женева әуежайы жұмысын қалпына келтірді

  • AstanaTV
  • 17 ақпан 2014
  • 1716

Женева әуежайы жұмысын қалпына келтірді. Қазір барлық рейстер уақытылы ұшып-қонып жатыр. Ұшу алаңы бірнеше сағатқа жабылды. Таңда орын алған жағдайдың ізі де жоқ.

Еске сала кетсек, бүгін таңертең Адис-Абебадан Римға бағыт алған «Эфиопия әуе желілерінің» ұшағы төтенше жағдайда Женеваға қонды. Бортында 200 адамы бар әуе кемесін эфиопиялық азамат тұтқынға алған болатын. Қазір ол өзі қамауда. Және ол осы ұшақтың екінші ұшқышы болып шықты. Ол Швейцариядан саяси баспана сұраған.

Айта кетерлігі, ылаң салған ұшқыш қарусыз болған. Алайда кінәсі дәлелденсе, бейбіт жолаушыларды тұтқынға алып, өмірлеріне қауіп төндіргені үшін Эфиопия азаматы 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал тұтқыннан босатылған жолаушылар дін аман. Олармен қазір психологтар жұмыс жасауда. 


Айгүл ӘДЕПБАЙ