Девальвациядан бірде-бір салымшы зардап шекпейді. Бүгін «ЦентрКредит банкі» осылай деп барлық клиенттерін сабырға шақырды. Валюта тұрақсыздығына қарамастан, банк тиесілі міндеттерін қалтқысыз орындай бермек. Әсіресе депозит қызметін дамытуға әзір. Сондай-ақ ипотека, несие және автонесие беру жүйесі де тоқтамақ емес. Жеке және заңды тұлғалардың да талаптары бұрынғыдай ескеріле береді.
«Банк ЦентрКредит» дефолттан
да, девальвациядан да қорықпайды. Сондықтан салымшылардың абдырауына негіз жоқ.
Теңге құнын жоғалтпас бұрын Банк қалай жұмыс істесе, кейін де дәл солай
қызметін жалғастырмақ. Оған қаржы мекемесінің төрағасы Владислав Лидің өзі кепілдік
беріп отыр.
Владислав Ли,
"ЦентрКредит" банкінің басқарма төрағасы:
Мен біздің банктің қызметін
тұтынатын барлық клиенттерді, салымшыларды сабырға шақырамын. Әрине, осы
аптадағы жаңалық барлығымызды абдыратты. Бірақ қорқуға еш негіз жоқ. «Банк ЦентрКредит»
- өз тұтынушыларының сенімін ақтайтын банк.
Оған «ЦентрКредит» банкінің 25
жылдан бері нарықтағы тұрақтылығын сақтауы - бірден-бір айғақ. Осы уақытқа
дейін 2 мәрте девальвацияны өткерген банктің екеуінен де сүрінбегенін
салымшылары жақсы біледі. Әрине, оған білікті жүргізілген ішкі саясат арқау.
Сол стратегия осы жолы да ұстанымдарын жоғалтқан жоқ. Тіпті оған ивесторлардың
өзі сенім білдіріп отыр.
О Ги Хонг, "Центр
Кредит" банкінің қаржы жөніндегі тобының басқарушы директоры:
«ЦентрКредит» банкі Оңтүстік
Кореяның Кукмин банкімен бірлесіп жұмыс істейді. Қазірдің өзінде оның активтері
250 млрд доллар шамасында. Халықаралық
қаржы бірлестігі де банк акционерлерінің бірі. Демек, бұл банктің беделі мен
тұрақтылығын айқын көрсететін бірден-бір айғақ емес пе?!
Іргетасы сонау 1988 жылы қаланған
банктің бүгінде миллиондаған клиенттік базасы бар, 40-қа жуық шетелдік қаржы
институттарымен тығыз жұмыс істейді. Соңғы мәліметтерге сәйкес банк сыртқы
қарыз көлемін 2013 жылы 520 миллион долларға дейін азайтып үлгерген. Сондықтан
банк клиенттерінің сенімін оңайлықпен жоғалтпақ емес.
Жұрағат БАМАН