Авиация генералы Асқар
Бөлдешовке қатысты үкім өзгеріссіз қалды. Алматыдағы Әскери сот жоғары шенді
әскеридің ісін қайта қарап шықты. Бірақ аса ірі көлемде мемлекет қаражатын
жымқырған бұрынғы әскери шенеунік 8,5 жыл жаза өтейді.
Бас әскери
прокуратураның дерегінше, Асқар Бөлдешов қызметтік өкілеттігін асыра
пайдаланып, RG Trade жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Талғат
Жұмахановпен бірлесіп 145 миллион теңгеден аса бюджет қаржысын талан-таражға
салған.
Былтыр сәуір айында ол өз сыбайластырымен бірге "әскери
техникаларды жөндеуден өткізу кезіндегі алаяқтық істерге қатысы бар" деген
күдікпен тұтқындалды. «Ол мұндай әрекеттерге Қазақстан әуе қорғаныс күштері Бас
қолбасшысының орынбасары және Қару-жарақ Бас басқармасының бастығы кезінде барды», - деген айыптау дерегінде.
Қадырхан Әбілмәжінұлы, ҚР
Әскери сотының судьясы:
Алдау және мемлекет қаражатын
жымқыру мақсатында өзара сөз байласып жасалған қылмыс толық делелденген деп
есептейміз. Сондықтан, алаяқтық және заңсыз кәсіпкерлік жолымен алынған
қаражаттың өтеуі ретінде күдіктілер түрмеде отыруы тиіс. Сот алқасы өзара
ақылдаса отырып, төмендегі сот шешімін өзгеріссіз қалдыруға шешім қабылдады.
Бөлдешов пен Жұмақановқа тағылған үкім күшінде қалсын.
Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ