Русский Сайттың толық нұсқасы

Виктор Храпунов «Алматы қаласының құрметті азаматы» атағынан айрылды

  • AstanaTV
  • 18 ақпан 2014
  • 1094

Виктор Храпунов «Алматы қаласының құрметті азаматы» атағынан айрылды. Мұндай шешімді қалалық мәслихат депутаттары қабылдаған. Экс-әкім  Храпунов 1997 жылдан  2004 жылға дейін  Алматы шахарын басқарды.

Бүгінде қашқын шенеунік  Швейцарияда тұрып жатыр. Айта кетейік,  Виктор мен Ләйла Храпуновтарға халықаралық іздеу жарияланған. Оларды тұтқынға алу жөнінде сот санкциясы да бар.

Қаржы  полициясының дерегіне сүйенсек, Храпуновқа қатысты  20 қылмыстық іс тергеліп жатыр.


Базаргүл ОТЫНШИЕВА