Русский Сайттың толық нұсқасы

Елорда әкімінің есебі өтуде

  • AstanaTV
  • 19 ақпан 2014
  • 1212

Астанада пәтер иелері кооперативтерінің жұмысы ашық болу үшін қажетті шаралар қабылданбақ. Олар ешкімге есеп бермейді. Қолдарында қанша қаржы барын ешкім білмейді.

Елордада 204 ПИК-тің 128-і қаражатты көруге мүмкіндік беретін Бірыңғай есептесу орталығының қызметін пайдаланбайды. Ал 24-нің есепшоты да жоқ. Тұрғындар жиналатын ақшаның қайда жұмсалатынын білуі тиіс. Бұл жайлы бүгінгі есеп беру жиынында әкім Иманғали Тасмағамбетов мәлімдеді.

Сондай-ақ, кездесуде автобус парктерінің болашағы да сөз болды. Астана әкімінің есебінде көтерілген өзге де мәселелер туралы 20:00-де қорытынды жаңалықтарымызда толығырақ.


Базаргүл ОТЫНШИЕВА