Русский Сайттың толық нұсқасы

Бахыт Сыздықоваға қатысты алғашқы сот отырысы өтті

  • AstanaTV
  • 19 ақпан 2014
  • 1281

«Нұр Отан» партиясына 7 миллион теңге қарыз экс-депутат Бахыт Сыздықова аталған іске қатысты алғашқы сот отырысына келмеді. Астана қаласының ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотының судьясы Шолпан Нүсіпова арызданушы тараптың шағымын тыңдап, сот отырысын бүгін 16:00-ге шегерді. Егер де жауапкер белгіленген уақытта сот отырысына қатыспаса, іс сырттай қаралады.

Еске салайық, Бақыт Сыздықова аталмыш соманы 2008 жылдың қараша айында КВН жастар телевизиялық жобасына көмек көрсету үшін алған. Алайда арада төрт жыл өткенімен және талай ескертілгеніне қарамастан, қарызды қайтаруға тырыспаған. Партияның ескерту хаттарынан кейін де қарызын қайтаруға әрекет жасамаған. «Нұр Отан» партиясы қарыз ақшаны өндіріп беруді өтініп, 2013 жылдың желтоқсанында сотқа талап арыз берген-ді.

Сот залынан толығырақ ақпарат қорытынды жаңалықтарымызда.

Жұрағат БАМАН