Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан шекарашылары жер асты спирт құбырын анықтады

  • AstanaTV
  • 19 ақпан 2014
  • 1146

Қазақстан шекарашылары жасырын спирт арнасын анықтады. Шекаралас аймақтан табылған арна арқылы спирт Қырғызстанға тасымалданғаны белгілі болды.

Диаметрі 40 миллиметрлік шланг мемлекеттік шекарадан 200 шақырым жерде, көрші елге тартылған. Бірнеше метрге созылған шлангты Қордай шекара отрядына қарасты «Сортөбе» заставасының шекарашылары тапқан. Спирт құбырын контрабандашылар жер астымен жүргізіп, оның үстін шөп-шаламмен, тастармен жасырып тастаған. Ал шлангтың басы Сортөбе ауылындағы бір үйдің ауласынан басталады екен. Үй иесінің айтуына қарағанда, аталған ауланы әлдебір бөтен адам жалдаған.

Оксана Парпура, ҚР ҰҚК шекара қызметінің баспасөз хатшысы, капитан:

Қазіргі уақытта құбырдың 5 метрі жерден қазылып алынды. Құқық қорғау органдары хабарландырылып, материалдар Қордай аудандық қаржы полициясына берілді. Оқиға орнында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сымбат МОЛДАТАЙ