Русский Сайттың толық нұсқасы

Салымшыларды сергелдеңге салған смс авторы табылды

  • AstanaTV
  • 19 ақпан 2014
  • 1055

Салымшыларды сергелдеңге салған смс авторы табылды! Бұл хабарды бүгін журналистерді шұғыл жинаған Бас прокуратура жариялады. Дегенмен Кaspi bank, Альянс Банк пен ЦентрКредитті тақырға отырғыза хабарлама кімнің қолымен теріліп, кімнің мобильді телефонынан жолданғаны туралы еш ақпарат айтылған жоқ. Бас прокуратураның ресми өкілі қысқа қайырды.

 

Нұрдәулет Сүйіндіков, Бас прокуратураның ресми өкілі:


Банктердің қаржылық жағдайына қатысты жалған мәлімет таратқан тұлғаларды анықтау мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Бұған қатысы бар деген бірнеше адам анықталды. Оларға қатысты тексеру жүргізілуде, шағым түсіріліп, қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіліп жатыр.


Ал бұл уақытта банктердегі ахуал нешік? Астанада аязды күні әлі де ұзын - сонар кезек. Салымшылар сағаттап тұруға дайын. Арасында жиған-терген ақшасын алуға келгендер былай тұрсын, қарапайым төлем жасай алмай жатқандары да бар. Еске салайық, күні кеше смс хабарлама арқылы "ЦентрКредит", "Кaspi bank" пен "Альянс банк" банкротқа ұшырайды деген шұғыл ақпарат әп-сәтте тарап кетті.

Аталған банктер басшылығы бұл ақпаратты бірден жоққа шығарды. Тіпті «Каспий банк» ресми аккаунтында "қауесет" таратқан адамды тапқандарға 100 миллион теңге сыйақы берілетінін жариялады. Енді бұл қомақты қаржы сол «белгісіз жандарды» тапқан Бас прокуратураға беріле ме, бұл жағы белгісіз. Халықты тыныштыққа шақырған Ұлттық банк басшысы Қайрат Келімбетовтың кешегі сөзі тұрғындарды иландыра алмаған сынды.


Мы пришли, потому что мы не верим его словам. Он обещает уже не первый раз. Один раз уже пообещал, не исполнил. И я теперь, как граждака Казахстана, понимаю его слова точно наоборот. Если он говорит так, то происходит наоборот. Раз он сказал, что все нормально, значит месяц - два это произойдет. Я понимаю это так.


Сымбат МОЛДАТАЙ