Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлттық банк өз SMS-імен контршабуылға шықты

  • AstanaTV
  • 19 ақпан 2014
  • 1054

Ал Ұлттық банк өз SMS-імен контршабуылға шықты! Қазақстандағы үш банктің банкрот болғаны туралы таралған анонимді смс-хабарламаға жауап түрінде бүгін таңертеңнен абоненттердің барлығына сабырлыққа үндейтін қысқа хабарлама жолдады.


"Қазақстандағы бірқатар банктердің қаржылық жағдайы мен күйреуі жайлы таралған жалған sms-ақпарат - қасақана арандатушылық. Бұл қадам елдегі банк жүйесінің тұрақсыздығына бағытталған. Қазақстан қаржы мекемелерінің барлығында ақша жеткілікті. Азғындарға ермей, сабыр сақтаңыздар".


Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:

 

Қазақстандық банктердің жағдайы тұрақты, олар шетелдік валютамен де, теңгемен де жеткілікті қаржыға ие.


Әлия ӘШІМ