Русский Сайттың толық нұсқасы

Елорда әкімі ел алдында есеп берді

  • AstanaTV
  • 19 ақпан 2014
  • 1670

Астана қаласының тұрғындары бүгін Иманғали Тасмағамбетовті сұрақтың астына алды. Елорда әкімі ел алдында есеп берді. Халық молынан жиналған Конгресc холлда қала басшысына сұрақ қоям деушілер ұзын сонар кезекке тұрып, микрофонға таласты. Сұрақтардың дені әдеттегідей әлеуметтік мәселені қозғады. Бір сағатын есебіне, қалған екі сағатын сұрақтарға арнаса да, әкім мырза барлығына бірдей жауап беріп үлгермеді. Айгүл Әдепбай жалғастырады. {+СЮЖЕТ}


Есепті кездесуге Парламент депутаттарынан бастап өзге де зиялы қауым аз келген жоқ. Алдыңғы қатарға жайғасқан оларда, әрине, сұрақ болмады. Есесіне қарапайым жұрт Иманғали Тасмағамбетовтен сиқыр күткендей. Есеппен есептескендері аз болып, сұрақ қою кезегі келгенде жұрт микрофонға таласты. Өйткені бас әкімге тікелей сұрақ қою мүмкіндігі жылына бір мәрте берілетін мүмкіндік. Және сауалдың біріншісі соңғы девальвацияға қатысты болды.


Кто может объяснить, почему на товарах, которые были на складе куплены по старым ценам, на второй день после девальвации уже были новые ярлыки. Цены будут расти. Кто может это контролировать. Мы как были без денег, так и будем без денег.


Иманғали Тасмағамбетов, Астана қаласының әкімі:


Я не вижу оснований для глобального беспокойства. Нам сложно будет в определенное время, но мы пройдем этот этап, и, безусловно, даст новый импульс для нашего развития.


Жиналғандардың бір тобы микрофон алдында дүрліксе, енді бірі тәтті ұйқыда маужырады. Тіпті қауіпсіздік қызметі де шаршапты. Ал сұрақтардың дені баспана бабына байланды. Астана халқының бас қайғысы болып біткен үй мәселесі екінің бірінің аузында.


7 балам бар. Жағдайым жоқ. Сізден уақытша баспана сұрағам да.


Көмек беріңізші - басар жерім қалмады. Төрт жыл болды менің атымда үй жоқ. Өтініш - маған соғыс ардагеріне үй беруге көмек берсеңіздер деп.


Үй, үй деп үймелегендерге әкім мырза қысқа жауап қайырумен болды.


Иманғали Тасмағамбетов, Астана қаласының әкімі:


Астанаға көшіп келгесін, адам жағдайына қарау керек. Бәрі келеді, Астанаға көмек демейді, шеш мына мәселені дейді міндетті түрде. 74 адамға 4 жылда пәтер бердік. Неге келдіңіздер десе, келе салдық, Астана салып жатыр дегесін, келдік дейді. Көшіп келгесін, өзінің күшіне қарау керек адам.


Десе де үй жайын шешіп беруді өтінген соғыс ардагеріне бір ай ішінде баспана беремін деп уәде етті Тасмағамбетов.


Иманғали Тасмағамбетов, Астана қаласының әкімі: 


Мен уәде берем - 1 ай ішінде пәтер аласыз.


Адам қиялында шек жоқ па, әлде мұқтаждықтың түбі жоқ па. Кейбірі жалдап тұрып жатқан жерінің төлемақысына көмек сұраса, кейбірі қирағалы тұрған баспанасын жөндеп беруді өтініп жатты. Біреуі сұрағын өлеңмен өріп жеткізсе, енді бірі ағылшын тілінде сөйлеп ерекшеленгісі келді.


Қазақша сөйле! Мен қазақша білемін. Мен қазақша сөйлей аламын. -
Біздің тіл - үш тіл. Мен барлығының көңілін алу үшін ағылшынша бастадым. -Мен өзімді Америка каласының әкімі ретінде сезініп тұрмын.


Енді бірі әкімнің арнайы қабылдауына кіріп, өтінішін жеке жеткізуге тырысты.


Сіздің кабинетіңізге қалай кірейін, кіре алмай жүрмін, кіргізбейді. Қызметшілеріңе айтшы, мен келсем, жібере қойсын. Баянов фамилиям. Музыкальная фамилия. Көп рахмет, болды, айналайын.


Сұрақтардың салмақтылары да болды. Тұрғындар науқасқа салғырт қарайтын дәрігерлер мен емханалардағы сапасыз медициналық қызметке де шағымданды. Бірақ барлық сұрақ қоям деушілерге кезек пен уақыт жетпей қалды. Қалғаны жазбаша түрде қабылданды.


Иманғали Тасмағамбетов, Астана қаласының әкімі:


Вы не думайте, если вы пришли на встречу, что я буду хорошеньким, буду отвечать на ваши вопросы только положительно.


Шаһар басшысы даму бағытында инновацияға мән бере түсетіндерін айтты. «Смарт Астана» ақылды қала жобасы жалғасады. Ал 2015 жылдан бастап Астана республикалық бюджеттің донор аймағына айналады.


Дегенмен Иманғали Тасмағамбетов аншлаг жасай алды. 1600 адам сиятын Конгресс холл лық толды. Әкім тіпті демалыссыз 12-14 сағат жұмыс жасайтынын да айтып қалды. Ал сұрақтарын қойып үлгермегендерге, мәселесін кезекті кездесуге ала келулеріне тура келеді.


Айгүл ӘДЕПБАЙ