Русский Сайттың толық нұсқасы

Бақыт Сыздықова "Нұр Отан" партиясына қарыз 7 млн теңгеге қоса сот шығындарын өтеуі тиіс

  • AstanaTV
  • 19 ақпан 2014
  • 1841

Экс-депутат Бақыт Сыздықова "Нұр Отан" партиясына қарыз жеті миллион теңгеге қоса сот шығындарына кеткен 210 мың теңгені толықтай өтеуі тиіс. Бұл шешімді бүгін Астана қаласының ауданаралық мамандандырылған экономикалық соты шығарды. Айта кетейік, сот процесі жауапкердің қатысуынсыз өткендіктен, үкім сырттай тағайындалды.


Шолпан Нүсіпова, Астана қаласының ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотының судьясы:


В пользу общественного объединения "Нур Отан" сумма 7 миллионов тенге основного долга, уплаченного при подаче иска государственную пошлину в сумме 210 тысяч тенге. Решение может быть обжаловано двумя сторонами в течение 15 дней со дня вручения решения.


Бұрынғы депутат сотқа келмеу себебін түсіндірмеген. Дегенмен түске дейін өткен отырыстан кейін Твиттерде "сотқа тиісті түрде шақырылмағанын" айтып, хабарлама қалдырған.

Еске салайық, Бақыт Сыздықова аталмыш 7 миллион теңгені "Нұр Отаннан" 2008 жылы қарашада КВН жастар телевизиялық жобасына көмек көрсету үшін қарызға алған. Алайда арада төрт жыл өткенімен және талай ескертілгеніне қарамастан, қайтаруға тырыспаған. Партия Бақыт Сыздықовадан сот арқылы өндірілетін қаржы партияның әлеуметтік жобаларын іске асыруға жұмсалатынын мәлімдеді.


Мәди Оспанов, "Нұр Отан" партиясының орталық аппарат жетекшісінің орынбасары:


Өздеріңіз білетіндей партия әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға арналған көптеген әлеуметтік жобаларды іске асырады. Осы ретте, менің ойымша, қарызға алынған қаражат қайтарылса, олар бірінші кезекте әлеуметтік жобаларға жұмсалмақ.


Жұрағат БАМАН