Русский Сайттың толық нұсқасы

Еліміздегі қалалардың бірін оффшорлы аймаққа айналдыру керек

  • AstanaTV
  • 19 ақпан 2014
  • 1585

Еліміздегі қалалардың бірін оффшорлы аймаққа айналдыру керек. Бүгін Үкіметке мұны депутат Тұрсынбек Өмірзақов ұсынды. Оның айтуынша, Қазақстанда жыл сайын миллиардтаған қаржы шет ел асады. Мәселен отандастармыз Виргиния аралдарында үш миллиард алты жүз миллон доллар, Сейшель аралдарында екі миллиард алты жүз миллион доллар, Кипрде бір миллиард тоғыз жүз миллион долларды "сары майдай сақтап" отыр.

Қазір Қазақстанда бірнеше Еркін экономикалық аймақ бар. "Сол секілді салық салмақ түсірмейтін оффшорлы аймақ ашылса, кәсіпкерлерге де тиімді, әрі дүние жүзінен капитал тартуға мүмкіндік туар еді ",- дейді депутат.


Тұрсынбек Өмірзақов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Ақ жол" фракциясының мүшесі:


Оффшорный зонаны біздің елде жасайық. Дүние жүзінде елу елде сондай зона бар. Қазір міне Россия өздеріне мына Қиыр Шығыста сондай оффшорлы аймақ жасайды. Шекарамыз ашық. Күллі ақшамыз сол жаққа кетеді деп ойлаймын. Депрессивный зоналар бар гой, Жезқазған, Семей соның бір жеріне бір оффшорлы аймақ ашып қою керек. Кәсіпкерлерге жағдай жасау керек. Дүние жүзінен ақша келеді сол жерге. Күллі ел солай жасап жатқанда, біз неге солай жасамаймыз?


Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ