Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан Украинадағы саяси күштерді ұстамдылыққа шақырды

  • AstanaTV
  • 19 ақпан 2014
  • 995

Қазақстан Украинадағы саяси күштерді ұстамдылыққа үндеді. Бүгін Сыртқы істер министрлігі арнайы мәлімдеме таратты. Сыртқы саясат жөніндегі мекеме Киевте және Украинаның басқа да қалаларында наразылық акциясына қатысушылар мен құқық қорғау органдарының өкілдері арасында қазаға әкелген қақтығыстардың ушығуын үлкен алаңдаушылықпен қабылдаған.

"Қазақстан мен Украинаны дәстүрлі достық және стратегиялық қарым-қатынас байланыстырады, олардың негізінде - өзара сенім мен құрмет жатыр. Біз Украинаны маңызды әріптесіміз ретінде қарастырамыз. Біз зорлықтың кез келген түрін қатаң сынаймыз және Украинаның барлық саяси күштерін ұстамдылыққа, қан төгісті тоқтатуға, мемлекеттің конституциясы мен заңдарына сәйкес тәртіп орнатуға шақырамыз", - деді министрліктің ресми өкілі.


Жұрағат БАМАН