ҚР Сыртқы істер министрлігі полиция
мен наразылық акциясына қатысушылар арасындағы қақтығыстардың жалғасуына орай
Қазақстан азаматтарын Украинаға бармауға шақырды.
Ал Украинада төтенше жағдайларға тап
болған Қазақстан азаматтарына Киевтегі Елшіліктің Консулдық бөліміне
хабарласуын сұрауда. Сондай-ақ, ҚР Сыртқы істер министрлігінің тікелей желісі
де жұмыс істеуде. Хабарласып көмек сұрауға мүмкіндік бар.
Илхам ИБРАГИМ