Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда құқық қорғау органдарының өзі браконьерлердің қорғаушысы атанып жүр

  • AstanaTV
  • 20 ақпан 2014
  • 1021

Атыраулық табиғат қорғаушылар мен құқық қорғаушылардың өзі браконьерлерге қолдау көрсетіп жүр. Олар табиғат байлығын қорғаудың орнына, қызыл жағалары мен қызмет орындарын пайдаланып, су маржандарына заңсыз қол салуын тоқтатпай келеді. Браконьерлікке қарсы күрес шараларына арналған үйлестіру кеңесінде облыс прокуроры Ғалымжан Тоғызбаев осылай деп мәлімдеді. Мысалы, тек былтыр ғана құқық бұзушыларға қамқорлық көрсеткен 5 қызметкер ұсталды. Олардың біреуі «Ақ Жайық» табиғи резерватының қызметкері болса, қалғандары құқық қорғаушылар.

Сондықтан, ең алдымен осы салада қызмет істеп жүрген қомағайлардан арылу керек деген ұсыныс айтылды. Және биыл бұл мамандардың барлығы арнайы аттестациядан өткізілетін болды.

Ғалымжан
Тоғызбаев, Атырау облысының прокуроры:

Қанша күш, қаншама қаржы жұмсалуда браконьерлікпен күрес жұмыстарына. Бірақ, еш нәтиже жоқ. Оның себебі белгілі. Бәрі балықты қорғайтын сала мамандарының өзіне кеп тіреледі. Мынадай дерек бар: бірлесіп рейд жүргіземіз, - дейді. Ал заңсыз балық аулаған адамды ұстаса, құқық қорғаушылардың өздері сол адамға ара түседі. Республикалық маңызы бар жолдарға бекет қойып жатырмыз. Бірақ, Атыраудың балық өнімдері көрші облыстарда еркін саудалануда. Неге? Өйткені
, сіздің қызметкерлеріңіз оларға сеп болуда, көмектесуде.

Базаргүл ІЗІМОВА