Киевтегі қақтығыстар салдарынан қаза болғандар саны 35 адамға жетті. Тағы 800-ге жуық адам ауыр жарақаттармен ауруханаға түскен. Көпшілігі оқтан жараланған. Кеше түнде оппозиция мен билік қантөгісті тоқтатып, бітімге келетіндерін мәлімдеді.
Виталий Кличко, «УДАР» фракциясының жетекшісі:
Бейбіт келісімді «Бүркіт» бұзды. Майдандағы әскери күштердің шегінуіне
мүмкіндік жасау үшін, біз бейтарап аймақ құруды ұсындық. Содан соң татулық
орнайды деген үміт болған. Алайда олар мұны қолдамады.
Тарап жатқан ақпарат та бір-біріне қарама қайшы. РБК арнасы бүгін ішкі
әскер майданшылар жағына жаппай өтіп жатыр деп хабарлаған еді. Іле-шала ішкі
істер министрлігі бұл қауесетті жоққа шығарды. Ал бұл кезде әлемнің бірқатар
елдері Украинаға қарсы қатаң санкциялар енгізіп жатыр.
АҚШ бұл елдегі шайқастың
орын алуына кінәлі деген 20-ға тарта шенеунікке қарсы визалық санкция
жариялады. Олардың аты-жөні әзірге айтылмауда. "Егер бұл шара Украинадағы
жағдайды тұрақтандырмаса, Еуроодақпен бірігіп басқа да қатаң шараларды қолға
аламыз", - деп ескертті Барак Обама. Ал Еуропалық одақ Украинадағы ондаған адам
өліміне ұшыратқан қақтығысқа жауапты тұлғалардың банктегі активтерінің жабылуы
мүмкін екенін хабарлады. Және одақ территориясына кіруге тыйым салынуы мүмкін.
Ал Ресей үкіметінің басшысы Дмитирий Медведев мемлекет мүддесі мен азаматтарды
қорғай алмаған Украина билігін «аяқ сүртетін шүберекке» теңеді. «Бауырлас» ел экономикалық
байланысты жағдай тұрақталса ғана жалғастыратынын мәлімдеді.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ