Русский Сайттың толық нұсқасы

Таразда бата беру бойынша сайыс өтті

  • AstanaTV
  • 21 ақпан 2014
  • 4505

«Батаменен ел көгерер». Таразда оқушылар арасында бата беру бойынша байқау өтті. Сайысқа бата берудің шеберімін деген 75 оқушы қатысты. Шарапатты шара - ата салтын ардақтап, дәстүрімізді дәріптеуге бағытталған.

Қатысушылар салиқалы сөз саптап, үлкендерден көргенін үлгі етті. Сүйінші хабарға, жолға шыққанда, ас қайырғанда айтылатын тілек түріндегі баталарды балалар жатқа айтты.

Аяулым Жаманқара, Тараз қаласы №1 мектеп-гимназия оқушысы:

Күніміз ұлысты болсын! Жеріміз ырысты болсын! Кең даламыз медет болсын! Жаппар ием жар болып, Бұл бата қабыл болсын! Аумин!

Сонымен қатар, тұсау кесу, қонақ күту әдептері бойыншы көріністер қойылды. Бұған дейінгі өткен байқаулар тек өлең-жыр, көркем сөз оқумен шектелсе, бұл жолғы бата беру сайысы қарттардың қалауымен болыпты. Батагөй балалардың басын қосып отырған Тараз қалалық ардагерлер ұйымы.

Кәрішал Дәуренбеков, Тараз қаласы әкімдігі ақсақалдар кеңесінің төрағасы:

Бұл - қасиетті бата! Бұл - ата-бабаларымыздың үні! Ата-бабамыздың ұраны! Бұл ақсақалдар кеңесінің, тек қана ақсақалдардың қолдауымен болып жатқан дүние. Қазақстан
бойыншы бірінші өтіп жатыр.

Данияр ӘЛІМҚҰЛОВ