Банктер айналасындағы дүрбелеңге Елбасы араласып, халықты сабыр сақтауға шақырды. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы бірде-бір банк банкротқа ұшырамайды деп сендірді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының
президенті:
Ни один банк банкротству не будет подвержен. А тот, кто спровоцировал, мы их нашли, поймаем, они будут наказаны и всем вам
показаны, что это за люди и почему они это делали. Поэтому надо успокаиваться и
нормально работать. Не будет банкротства.
«2009 жылы БТА және өзге
банктер банкротқа ұшыраудың аз ақ алдында болған еді. Бұған жол берген жоқпыз.
Қазір де жол бермейміз», - деп кесті Президент. Кәсіпкерлікті
ынталандыру және қаржы секторын сауықтыру мәселелері бойынша Ақордада өткен кеңесте Мемлекет басшысы экономиканы дамыту үшін Ұлттық қордан
1 триллион теңге бөлу туралы шешім қабылданғанын айтты.
Бұл қаражат жаңа жұмыс
орындарының ашылуын, еңбекақының уақытылы төленуін қамтамасыз етпек. «Ұлттық қор есебінен қаржыландырылатын негізді, нақты
жобалар да бар», - деп ескертті
Елбасы. Экспортқа сапалы өнімдер шығару жөніндегі жобаларды іске асыру да
назардан тыс қалмауы қажет. Осыған орай қарыз қаражатын бөлу мәселесімен
айналысатын тиісті комиссия құрылатынын хабарлады. {. +СОҢЫ }
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА