Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда солдаттар WhatsApp арқылы прокурорға шағымданған

  • AstanaTV
  • 13 наурыз 2014
  • 840

Атырауда 20-да 16 әскери бөлімшесінің сарбаздары жәбір көрсеткен офицердің үстінен WhatsApp желісі арқылы арыз жөнелткен. Әлеуметтік желіден келген хабар бойынша жедел жеткен тексерушілер расында да түрлі жарақаттағы 3 жауынгерді анықтапты.

Олардың айтуларынша, таңғы астан кейін офицер қатардағы 5 жауынгерді сапқа тұрғызып, боксшы қолбағымен бірнеше соққы берген. Кейін сарбазбарға газдан қорғанатын киімді кигізіп, жауыргерлер орналасқан ғимараты айнала жүгіруді бұйырған. Тіпті, жүгіріп жүрген кезде де соққыға жығып отырған.

Қазір күш көрсеткен застава офицерінің үстінен Қылмыстық кодекстің 380-де 1-ші бабы 2 тармағы бойынша іс қозғалды. Яғни, «күш көрсете отырып, қызмет бабын асыра пайдаланады» деген айып тағылмақ.

Талғат
Бекбергенов, Батыс өңірлік әскери прокуроры:

Өзінен шені төмен қызметкерлерге күш көрсеткен шекара заставасының бөлім бастығы анықталды. Қазір айыбы дәлелденіп, ісі сотқа жолданды.

Айта кетейік, былтырғы жылдың соңында Батыс өңірлік әскери прокуратурасы Атырау гарнизонының барлық мекемелерінде телефондар, e-mail және мекен-жайлары көрсетілген 40-қа тарта билбордтар мен баннерлер орнатылған еді. Аталған дерек сол ақпараттық шараның нәтижесі.