Русский Сайттың толық нұсқасы

Индустрия және туризм комитеті қазақстандықтарға әзірге Украинаға бармауға кеңес берді

  • AstanaTV
  • 21 ақпан 2014
  • 1294

Баруға болмайтын елдер қатарына Украина да енді. Индустрия және туризм комитеті қазақстандықтарға әзірге бұл елге сапарламай тұра тұруға кеңес берді. Ведомство Украинадағы қақтығыстардың жалғасуына орай сол елде тұрып жатқан Қазақстан азаматтарын барынша абай болуға үндеді. 

"Наразылық, шеру және адамдардың көп шоғырланған жерлерінен алшақ жүріп, мүмкіндігінше тұрғылықты жерлерінен түнгі уақытта шықпаған дұрыс",  - деген ақпар таратты.


Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА