Русский Сайттың толық нұсқасы

ОҚО-да 13 жасар қызын зорлап, жүкті қылған әке 16 жылға сотталды

  • AstanaTV
  • 24 ақпан 2014
  • 1837

Оңтүстік Қазақстан облысында өзінің 13 жасар қызын зорлап, жүкті қылған әке 16 жылға сотталды. 39 жастағы Бәйдібек ауданының тұрғыны жазасын қатаң тәртіптегі түзеу колониясында өтейді. Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты істі жабық жағдайда қарады. Сот залындағы оқылған деректерге сенсек, ауыр қылмыс дәлелденіп отыр.

Жаға ұстатарлық оқиға өткен жылы маусым айында болған. Тек араға 6 ай салып, жеткіншектің ішіндегі баласы бес айлық болған кезде қылмыс ашылып отыр. Онда да анасы емес, мән-жайды бірінші болып мектептегі медбике біліпті.

Мырзахан Исаев, ОҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

Оның қылмысы дәлелденген. Генетикалық-манипуляциялық сараптама қорытындысы бойынша ол екі қабат болған жүкті болып қалған қыз. Ішіндегі бала өлі туған. Соған қанына байланысты әкелігі толық анықталған. Бірақ отбасы мүшелері әкесіне кешірім беріп отыр. Өйткені, алты баланың әкесі, әйелінің тағы аяғы ауыр жетінші баласына.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ