Русский Сайттың толық нұсқасы

Вашингтон штаты қалың қардың астында қалды

  • AstanaTV
  • 24 ақпан 2014
  • 1009

АҚШ Құрама Штаттар қар құрсауында қалды. Вашингтон штатына барар барлық жолдарды қалыңдығы 25 сантиметрге жететін қалың қар басып отыр. Салдарынан жол көлік оқиғалары көбейіп кетті. Абырой болғанда адам шығыны жоқ.

Синоптиктердің таратқан мәліметіне сай, қардың әлі бір аптадай жауатын түрі бар. Қоғамдық қатынас тұралап, әуе рейстері кейінге қалдырылды. Коммуналдық қызмет мамандары табиғаттың тосын мінезіне қарсы тұруға қауқарсыз. Тұрғындар қыспаққа алған қармен өздігінше күресуге кірісті.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА