Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанның басым бөлігінде аяз қайтадан күшіне мінді

  • AstanaTV
  • 24 ақпан 2014
  • 2766

Қазақстанның басым бөлігінде аяз қайтадан күшіне мінді. Астанада бірінші ауысымда оқитын 1-9 сынып оқушыларына сабақ тағы өткізілмей қалды.

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, бүгін еліміздің шығысында және орталығында 30-35ºС-қа дейін, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 15-20 дейін, кей жерлерде 25-30ºС аязға дейін төмендейді. Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық облыстарында аяз 40ºС-қа дейін күшеюі мүмкін.

Сәкен ӘБДИЕВ