Русский Сайттың толық нұсқасы

ОҚО-нда қатты жел аурухана мен екі мектептің шатырын ұшырып кетті

  • AstanaTV
  • 24 ақпан 2014
  • 1317

Оңтүстік Қазақстан облысында қатты дауыл әлеуметтік нысандардың шатырларын ұшырып әкетті. Аймақта демалыс күні қатты жел тұрған. Әсіресе, Түлкібас ауданындағы аурухана мен Төле би ауданындағы екі бірдей білім ошағына айтарлықтай шығын келді.

Дүлей дауыл Ленгір қаласындағы №4 мектептің 530 шаршы метр шатыры және Көксәйек елді мекеніндегі Төле би жалпы орта мектебінің 340 шаршы метр аумағына зақым келген. Құтқарушылардың ақпаратына сенсек, қазіргі таңда аталған төтенше жағдайға байланысты аудандық әкімшілік тарапынан арнайы штаб құрылып, тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.

Нұрлан
Темірбаев, Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметінің бас маманы:

Төтенше жағдай орын алысымен шұғыл түрде аудандық әкімшілік тарапынан арнайы штаб құрылып, келтірілген залалды анықтау және жарамсыздық актісі түзіліп, смета жасалынды. Қазіргі таңда мердігер мекеме шатырдың жарамсыз бөлігін толықтай демонтаждап, күн соңына дейін қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталады.