Шығыс Қазақстан облысында бір тәулік
ішінде қар құрсауынан екі мыңға жуық адам құтқарылды. Мұнда бұрқасын салдарынан ақпанның 22-нен 23-не қараған
түні республикалық маңызы бар бірқатар жолдар жабылған.
Атап айтар болсақ, «Алматы-Өскемен», «Өскемен-Шемонаиха-Ресей
Федерациясы», «Омбы-Майқапшағай», «Семей-Қайнар» тас жолдарында қозғалыс
шектелді. Шығыс қазақстандық құтқарушылар бас
аяғы 20 автобус, 165 жеңіл автокөлік пен 1759 адамды аман алып қалды. «ҚазақАвтодор» кәсіпорнының қызметкерлері тәулік бойы жол аршыған.
Құтқару жұмыстарына барлығы 76 арнайы техника жұмылдырылған.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА