Русский Сайттың толық нұсқасы

Инвестиция тарту бойынша ұлттық жоспарға бірқатар түзетулер енгізілді

  • AstanaTV
  • 24 ақпан 2014
  • 1315

Шетелдік инвесторлар үшін бизнес климатты жақсарту кезек күттірмейді. Елбасы жуырда ғана тиісті шенеуніктерге осындай тапсырма жүктегені белгілі. Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі инвестиция тарту бойынша ұлттық жоспарға бірқатар түзетулер енгізді. Атап айтар болсақ, биылғы жылдан бастап шетелдік қызметкерлер үшін виза рәсімдеуде жеңілдіктер қарастырылады. Артық шығындар бойынша өтемақы төленеді. Салықтың салмағы да айтарлықтай жеңілдетіледі. Осындай қадамдар елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту үшін қолға алынып отыр.


Нұрболат Сейітмағамбетов «KAZNEX INVEST» инвесторларды қолдау орталығының басшысы басқарушы директор:


Мысалы, салық жағынан жеңілдіктер болады, виза жағынан, шетелдік жұмыскерлерді Қазақстанға тарту жағынан болады. Одан да басқа жеңілдіктер биылғы жылдан бастап енгізіледі.


Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ