Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан мен Ресей президенттері Украинадағы ахуалды телефон арқылы талқылады

  • AstanaTV
  • 25 ақпан 2014
  • 1064

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Украинадағы ахуалды телефон арқылы талқылады. Бұл туралы «Интерфакс» агенттігі хабарлады.

Телефон әңгімесі туралы ұсыныс Қазақстан Президенті тарапынан түскен, - дейді агенттік. Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік әріптесін Сочидегі қысқы Олимпиаданың ұйымдастыру және спорттық сайыс тұрғысында табысты тәмамдалуымен құттықтады, сондай-ақ екі президент Украинадағы қалыптасқан қазіргі жағдайды талқылады.