Русский Сайттың толық нұсқасы

Нью-Йоркте көп қабатты үйде газ құбыры жарылу салдарынан 60 астам адам жарақат алды

  • AstanaTV
  • 13 наурыз 2014
  • 1023

Нью-Йоркте тұрмыстық газ жарылысынан құрбан болғандардың саны 3 адамға жетті. 10-нан аса адам ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Қазірде құтқарушылар оқыс-оқиға орнында үйінділерді тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Айта кетсек, қызыл жалынмен күрес осымен екінші тәулікке созылуда. Өртті өз көзімен көргендердің сөзіне сенсек, жарылыс бірден 3 үйді қатар жалмаған. Нью-Йоркте полиция қызметкерлері Гарлем ауданын қоршауға алды. Ал, жергілікті аурухана болса оқыс оқиға салдарынан жарқаттанғандармен лық толы. Адамдар өрттен қашамын деп тіпті үйлердің терезелерінен де секірген.

Оқыс оқиға маңындағы метро тармағыда жұмыс жасамай тұр. Қазір апат орнында мамандар өрт себептерін анықтауда.

Еске салайық, күшті жарылыс Манхеттенде кеше болды.