Жолсеріктер жан айғайы! Солтүстік Қазақстан облысында елуге
жуық жолсерік әділетсіздікке қарсы наразылық танытуда. Олар жалақының аздығына
қынжылады. «Қазақстан Темір Жолы»-ның басшысы Асқар
Мәминге жазған ашық хаттары да жауапсыз қалыпты. Ал, ашуға булыққан жолсеріктер
«Жолаушылар тасымалы» компаниясының басшылығына жан айғайын жеткізу үшін
Астанаға келіпті.
У нас постоянно
при норме получаем 70 тысяч, и без нормы получаем 70 тысяч. Вот поэтому пришли
сюда.
Маңғыстау
облысының проводниктерінің оклады 95, ал бізде 68 мың. Почему такая разница? Хотя
коллективный договорда жазылған у нас единый оклад, единая заработная плата
болу керек.
Айлық көлемін арттыру. Жолсеріктердің басты талабы осы.
Олар еңбекақының әр аймақта әр түрлі төленіп жатқанына таң қалады. Сауалға
жауап іздеп Асқар Мәминге мән-жайды түсіндіріп хат жазған. Дегенмен, одан бері екі ай өтті, жолданған хат - жауапсыз.
Талас Сағымбаев, Астана қаласы Автокөлік жұмысшылары
кәсіподағының төрағасы, құқық қорғаушы:
Маңғыстау
облысында жолсеріктердің базовый заработная плата 95 мың тг, бұлардікі 63 мың
тг. Осы айлықты апрель, 2012-ден бері осы разницаны ай сайын 32 мың теңгені
төлемей жатыр. Бұл біріншіден, екіншіден, жолсеріктердің мәселесі бастан асып
жатыр.
Талайдан бері жөндеу көрмеген пойыз вагондары әбден
ескірген, лас, шаң-тозаңы тағы бар. Бір еден жуушы бес вагонға қызмет етеді.
Ең сорақысы - ыдыс-аяқ жетпей жатса, оны да сатып аламыз, - дейді жолсеріктер.
Азамат Ахметов, жолсерік:
Ол мойщица үлгеру
керек, бес вагонды 1 адам. Біз ол кісі үшін істейміз, ол кісі бір вагонды әрең
үлгереді. Сөйтіп, келеді де, бізге 18 айға выговор береді. Неге, оны 6- ақ айға
беру керек.
Жауһар Ыбраева, «Астана-Сарыағаш» бағытындағы
пойыз жолсерігі:
Старый ғой вообще,
шашылып қалайын деп жүр. Ал проводниктарды заставлять етеді, қолымыздан
келгенше жамап жүреміз. Посуданы анау 10-9-шы пойызда жүргенде посуданы өзіміздің
ақшамызға сатып алдық. Каждый вагоннан 2500-ден жинап.
«Жолаушылар тасымалы» компаниясының басшылығы
жолсеріктермен ақыры кездесті. Дегенмен, жиынға журналистерді қатыстырудан
қашқақтады.
Төлегенов Ермек
Накипбекович. Он сказал, выйдите, мы никого пускать не будем.
Динара Мамытова, «Астана-Сарыағаш» бағытындағы
пойыз жолсерігі:
Басқа
инстанцияларға баруға дайынбыз, өйткені, біз, мен жалғыз емеспін, артымда 120
проводник бар. Біз «Нұр Отан»-ға барамыз, Маминге барамыз.
Тимур Асылханов, «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз хатшысы:
Это обычное
внутреннее совещание. Вы там ничего новенького не услышите. Вы только будете
смущать. (Кого?) самих проводников. (Они нас сами вызывали).
Жиын соңы - нәтижесіз. Жүздеген жолсеріктің сөзіне құлақ
асқан ешкім жоқ. Бұған төзе алмаған кейбір жолсеріктер жиын аяқталмай жатып
шығып кетті. Десе де, олар қайтсе де, әділдікке жетуге оқталып отыр.
Сымбат МОЛДАТАЙ