Русский Сайттың толық нұсқасы

Киевке қазақстандық рейстер тоқтатылды

  • AstanaTV
  • 25 ақпан 2014
  • 907

SCAT әуе компаниясы Украинадағы шиеленіскен жағдайға байланысты 1-30 наурыз аралығында Киевке ұшақ ұшыруды тоқтатады, - делінген әуе компанияның PR-бөлімі таратқан бүгінгі ақпаратта.

Осы мерзімге билет сатып алған жолаушыларға билеттің 100% құны қайтарылады. Бұған дейін «Air Astana» ұлттық әуе тасымалдаушысы Украина астанасына ұшуға сұраныстың азаюы салдарынан 2014 жылғы 24 ақпаннан 30 наурыз аралығында Алматы мен Астанадан Киевке ұшақ ұшыруды тоқтататынын мәлімдеген болатын.