Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыдағы базар өртіне қатысты сот

  • AstanaTV
  • 25 ақпан 2014
  • 971

Алматыдағы көтерме сауда базарында шыққан өртке қатысы бар деген күдіктілер сот алдында жауап бермек. Іс бүгін Жетісу аудандық сотына жөнелтілді. Бұл туралы Алмты қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.

Десе де, алғашқы сот тыңдалымының қашан өтетіні белгісіз. Сотта «Олжа» базарын жалға алушы Қайранов пен «Құлагер» базарының директоры Алдабергенов жауап береді. Қайрановқа Қылмыстық кодекстің 188-бабы, ал Алдабергеновке осы кодекстің 256-бабы,2-бөлімі бойынша іс қозғалған.

Еске салайық, «Олжа», «Аян», «Керемет» базарлары өткен жылы 13-қыркүйекте өртенген болатын. Ол кезде қызыл жалын 5400 шаршы метрді жалмады. Жарты тәулік бойы жанған отты сөндіруге 1500-ден аса маман мен 150-ге жуық техника, сондай-ақ, екі тікұшақ жұмылдырылған еді. Айта кетейік, бұл "барахолкадағы" өртке қатысты қозғалған алғашқы қылмыстық іс.

Қуандық Ешімет, Алматы қалалық сотының баспасөз жетекшісі:

Іс бүгін түсті. "Олжа" базарының арендаторы Қайранов Қылмыстық кодекстің 188-бабы, ал, «Құлагер» серіктестігінің директоры Алдабергенов 256-баптың 2-бөлімі бойынша сотта жауап береді.

Досжан ҚАЛИЕВ