Русский Сайттың толық нұсқасы

Петропавлда едені ортасына түскен баспанада тұруға болады деп шешті билік

  • AstanaTV
  • 25 ақпан 2014
  • 919

Петропавлдағы апатты жағдайда тұрған жатақханаға қатысты арнайы комиссия өз шешімін шығарды. Мекеме өкілдерінің айтуынша, «тұрғын үй құламайды, дегенмен жертөлесі күрделі жөндеуді қажет етеді.

Дәулет Қалиасқаров, Петропавл қалалық әкімдігі тұрғын-үй инспекциясының жетекшісі:

Қалалық әкімдік және риэлт компаниялары келісім-шарт жасасты. Осының аясында әлгі компаниялар 11 пәтер ұсынды. Демек, панасыз қалған тұрғындар қазір осы пәтерлерде тегін тұрып жатыр. Шамамен, тағы 1 ай тұрады деп болжап отырмыз.

Осылайша, шешімді естіген шенеуніктер бірден қарекетке кірісті. Қалалық әкімдік жөндеу жұмыстарын жүргізетін екі мердігер компаниямен келісім-шартқа отырды. Жөндеу жұмыстары бір айға созылады деп жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, ақпанның жиырмасы күні қаланың қақ ортасында тұрған жатақхананың бірінші қабатындағы бетон еден орнынан тайып кеткен болатын. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Алайда, құтқарушылар тұрғындарды қауіпсіз жерге шығарды.

Сергей Митин, мердігер компанияның өкілі:

Жертөледе ауа ылғалдылығы жоғары. Сондықтан, кірпіштер шіріп кеткен. Қазір біз жертөлені жөндеуге кірістік. Ондағы қабырғаларды сырлап, жаңа тіректерді орнатамыз. Жертөленің жұмысы біткесін, бүкіл жатақхананы жөндейміз.

Абзал ҚҰРМАНКИН