Русский Сайттың толық нұсқасы

Дариға Назарбаева: «Қазпошта» ККМ қол астына беру керек

  • AstanaTV
  • 25 ақпан 2014
  • 1186

Пошташылар 5 мың теңгеге жетер-жетпес жалақы алады. Ауылдағы қарапайым пошта қызметкері ай сайын 4 мың теңгені қанағат тұтса, пошта бөлімінің басшысы 9 мыңға күнелтуге мәжбүр. Бұл туралы Мәжілістегі әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында «Қазпошта» басшысы Асхат Бисенбаев мәлімдеді.

Дегенмен, «Қазпошта»-да мұншалықты төмен жалақыны нақты қанша қызметкердің алатынын ол дөп басып айта алмады. Бір белгілісі, пошташының жалақысы былтыр 12, биыл 7%-ға өссе де, орташа деңгейдегі айлықтан 58%-ға төмен. Сондықтан, мамандардың тұрақтамауы етек алған. Жер-жерде "Қазпошта"-ның бөлімшелері халыққа қызмет көрсетуден бас тартып, жабылып жатыр. Мәселен, Павлодар облысының бір ауданында 16 ауылдың 13-інде пошта жоқ.

Жанат Беспаев, Павлодар облысы, Ертіс аудандық мәслихатының хатшысы:

Мал сою үшін 53 теңге төлеуі керек. Пошта жоғына байланысты бұл квитанцияны көрші ауылға немесе аудан орталығына барып, төлеуі тиіс. Ол тек қана бір мәселе, одан басқа мәселелер бар. Кредиттер алу, төлеу.

«Қазпошта» басшысы жеткізген жәйттарды тыңдап шыққан Дариға Назарбаева қорытынды сөзді айтты. Комитет жетекшісі «Қазпошта» «Самырұқ-Қазынаның» меншігінен алып, бұрынғыдай Көлік және коммуникация министрлігінің қол астына беру керектігін баса айтты. Өйткені, «Қазпошта» акционерлік қоғамы мемлекеттік бюджеттен бүгін бақандай 6 миллиард теңге сұрады. Олай етпеске амалы да қалмаған, мекеменің қазіргі шығыны - 4,5 миллиард теңгеге жеткен.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі:

Выкарабкаться из долговой ямы не можете? И это, в силу объективных причин и, может быть еще, несовершенство менеджмента, о котором тоже можно подумать. Потому что глядя на структуру вашего хозяйства, я вам сразу могу назвать несколько статей, где можно оптимизировать расходы спокойно и сэкономленные деньги направить на зарплату людям.

Сымбат МОЛДАТАЙ