Қытайлық спутник анықтаған
қалдықтардың малайзиялық ұшаққа қатысы жоқ. Малайзия елінің азаматтық авиация
басқармасы спутниктен жасалған суреттер «Боингтікі» екендігіне күмәндануда.
Ведомствоның басшысы Ажараддин Абдул
Рахман «Біз ол жерде болдық. Алайда ештеңе табылмады», - деген ақпар таратқан.
Вьетнам билігі де аталған жерде құлаған ұшақтың қалдықтарын анықтамағандықтарын
жариялаған болатын.
Бұдан бұрын хабарланғандай, қытайлық
спутник ұшақтың құлаған жерін болжам бойынша Куала-Лумпурдың солтүстік-шығысы
мен Вьетнамның оңтүстігі деп белгілеп берген. Суреттегі нысанның ұзындығы 24
метр, ені 22 метр деп көрсетілген. Бұл туралы ақпарат Қытай халық
республикасының ұлттық қорғаныс министрлігінің ғаламтордағы сайтында
жарияланған.
Еске салайық, Малэйжн эйрлайнс
компаниясына тиесілі ұшақта 227 жолаушы мен 12 экипаж мүшесі болған. Boeing 777
8 наурызда Куала-Лумпурдан Бейжіңге бағыт алған. Ұшақ радардан әуеге
көтерілгеніне 19 минут болғанда жоғалып кеткен.
Жұрағат БАМАН