Русский Сайттың толық нұсқасы

«Қашаған»-ның тоқтауы «ҚазМұнайГаз»-ға кері әсер

  • AstanaTV
  • 25 ақпан 2014
  • 798

Биылғы жыл «ҚазМұнайГаз» компаниясы үшін оңайға соқпайын деп тұр. Мұны компанияның алқа мәжілісінде Сауат Мыңбаевтың өзі мойындады.

Жыл басында Ресейден салықсыз тасымалданатын шикізатқа тиым салынды. Бұл отандық компанияға салмақ салуда. Девальвация тұсында ішкі нарықта бағаны ұстап тұру оңай емес. Бір жағынан Мыңбаев көп үміт артқан "Қашаған"-да өндірістің тоқтап қалғаны акционерлердің қалтасын қағып жатқанын жеткізді.

Сауат Мыңбаев, «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасы:

«Қашаған»-дағы жағдай белгісіз. Шығындалып жатырмыз. 2013 жылдың бірінші қазанынан бастап ол өтелмей тұр. Республикаға мұның әсері шамалы болғанымен, «ҚазМұнайГаз»-ға да өзге акционерлер секілді кесірі тиюде. Әрі, өндірістің қашан басталатыны да белгісіз болып тұр.

Сондай-ақ, жағдайдың алдын алмаса, жанармай тапшылығына тап болуымыз да ықтимал. Мыңбаев осы ретте Үкімет басшысына шұғыл шара қолдану қажеттігін айтты.

Сауат Мыңбаев, «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасы:

Девальвация салдарынан ресейлік жанармай импорты қымбаттап кетті. Көрші елден сұйық отын тасу азайып жатыр. Бұл отандық зауыттардың өнімін өткізіп алуға жақсы. Бірақ уақыт өте тапшылық туындайды. Өйткені, біз импортқа тәуелдіміз. Үкіметте осы мәселені шұғыл талқыласақ деген ұсынысым бар.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА