Русский Сайттың толық нұсқасы

Болашақта мектеп оқушыларына құқықтары жайында түсінік беретін сабақ енгізіледі

  • AstanaTV
  • 08 сәуір 2014
  • 1025

Болашақта мектеп оқушыларына өз құқығы мен демократиялық басқару жөнінде барлық мәліметті алатын қосымша сабақ енгізіледі.

Бүгін Астана қаласы №60 мектеп-лицейінде баланы өзге адамның құқығын сыйлауға, азаматтық-құқықтық белсенділікті қалыптастыруға бағытталған семинар өтті. Аталмыш шараны Еуроодақ бастамасымен арнайы келген мамандар жүргізді.

Сәуле
Әзімханова, Астана қаласы №30 мектеп-гимназияның директоры:

Қазіргі жастан бастап қоғамдық белсенділікке, толерантылыққа үйретсек ертең мемлекетімізге өте жақсы қайраткерді аламыз. Қалыптасу мектептің қабырғасында жүру керек. Сондықтан
, қазіргі таңда тек эксперимент ретінде жүргізіліп жатса, бұл негізі, бір пән ретінде кіргізуге болады.