Ресейдегі бай-қуаттыларға салынатын
салық Сауд-Аравиясының салықтарынан да асып кетті. Бұл туралы «ПрайсуотерхаусКуперс» консалтингтік компаниясының сарапшылары хабарлады.
Олар әр адамның мемлекетке өтеген
міндетті төлемдерінен кейін қара басына қалатын қалдықты санаған көрінеді. Нәтижесінде
ресейлік салық төлеушілер мәселен 400 мың доллар жалақыдан 87%-зын өзіне алып
қалатыны, ал Сауд-Аравиясының азаматтарының 96,86%-зын алатыны белгілі болды. Осылайша,
қос мемлекет қалталылардан ең жоғары салық өндіріп алатын елдердің тізіміне
енді.
Рейтинг бойынша Италия бірінші,
кейіннен Үндістан, Ұлыбритания және Америка Құрама Штаттары тұр. Бірақ, әр мемлекетте салық көлемі әртүрлі. Мәселен, британдықтар салықты 250 мың доллар жалақыдан бастап
салса, итальяндықтар 125 мың доллардан 43%-зына салық салатын көрінеді.
Жұрағат БАМАН