Русский Сайттың толық нұсқасы

Украиндық компаниялардың акциялары төмен бағамен жаппай сатылуда

  • AstanaTV
  • 26 ақпан 2014
  • 721

Халықаралық валюта қоры Украинаға қанша қаражат керектігін өзі шешеді. Бұл турасында Еуропалық одақ дипломатиясының басшысы Кэтрин Эштон мәлімдеді.

Оның пайымдауынша, Еуропалық одақтан украиналықтарға алғашқы қаржылай көмек наурыз айында көрсетілуі мүмкін. Ол сондай-ақ, халықаралық серіктестерімен елді қаржылай демеу мәселесін талқылағандығын мәлімдеді. «Алғашқы ретте елге шағын қаржылай көмек беру керек. Кейіннен Украинаны ақырындап дағдарыстан шығару жолдарын іздеу керек. Барлық көмек елде жаңа реформалар жасаудың орнына берілмек», - деді Кэтрин Эштон. Әйткенмен, реформалар енгізу ұзақ мерзіміді талап етеді, ал укриналықтар қаржылай көмекке дәл қазір зәру болып отыр.

Еске салайық, Киев өзінің құтқарылуын 35 миллиард долларға бағалаған. Ал Еуроодақ тек 20 миллиард доллар беруге әзір. Жуырда Брюссельде Украина еліне қаржылай көмек көрсетпек елдердің конференциясы ұйымдастырылатындығы белгілі болды. Олардың арасында АҚШ, Жапония, Қытай, Канада және Түркия елдері бар.

Жұрағат БАМАН