Русский Сайттың толық нұсқасы

Михаил Варданян «Байқоңыр»-дың жаңа басшысы болып тағайындалды

  • AstanaTV
  • 26 ақпан 2014
  • 919

«Байқоңыр» ғарыш айлағының жаңа басшысы болып Михаил Варданян тағайындалды. Бұл туралы «Роскосмостың» баспасөз қызметі хабарлады.

Дәлірек айтар болсақ, Михаил Варданян - «Ғарыш инфрақұрылымының жердегі нысандарын пайдалану орталығы» федералдық мемлекеттік унитарлық кәсіпорны филиалының директоры болып тағайындалған. Жалпы, Варданянның бар ғұмыры «Байқоңыр»-да өткен.

Ол 1981 жылдан 2011 жылға дейін Кеңес одағының және Ресейдің ғарыш айлағында инженерлік және әміршіл-штабтық қызметтерде еңбек еткен. Соңғы жылдары Варданян «Жердегі ғарыш инфрақұрылымы» ұлттық компаниясы бастығының орынбасары болып жұмыс істеген.

Жұрағат БАМАН