Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан түрлі арандатушылыққа тосқауыл беруі керек

  • AstanaTV
  • 26 ақпан 2014
  • 835

Қазақстан түрлі арандатушылыққа тосқауыл беруі керек. Қандай жағдайда болмасын, сақтық шараларын ұмытпауымыз қажет. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің отырысында осылай деп мәлімдеді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы ЭКСПО-2017 көрмесінде жүргізілетін қауіпсіздік шаралары әлемдік озық тәжірибеге негізделу керектігін айтты.

Қонақтарға барлық жағдай жасалуын тапсырды. Қай құрылымның нендей міндетті атқаруға жауапты екенін белгілеу қажеттігіне тоқталды. Осыған орай Елбасы органдар арасында байланысты реттейтін ведомствоаралық штаб құруды ұсынды. Сөз соңында Нұрсұлтан Назарбаев елдегі ұлтаралық достықтың маңыздылығы мен тұтастығын тілге тиек етті. 


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:


Арандатушылардың ел ахуалына айтарлықтай әсер ете алатынын соңғы жайттер дәлелдеп берді. Ақпараттық ықпал зор, ел тұтастығына жаңа деструктивті әсерлер ықпал етуде. Сондықтан Қазақстан аса сақ болуы тиіс.


Әлия ӘШІМ